
Қазан, 2026 жылғы 12 наурыз – Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Татарстанның жетекші жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамымен және қазақстандық студенттерімен Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы бойынша алдағы референдумға арналған кездесулер өткізді.
Қазақ дипломаты Қазақстанда мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді және ашық жүйесін құру мақсатында жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформалар туралы хабардар етті. Ұсынылып отырған конституциялық реформа Мемлекет басшысының жүйелі саяси өзгерістерінің қисынды жалғасы болып табылады.
Жаңа Негізгі заң жобасында заң мен құқықтық тәртіптің үстемдігіне, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ елдің орнықты дамуына ерекше назар аударылғаны атап өтілді. Азаматтардың ерік-жігеріне сүйене отырып, Қазақстанның болашағы туралы шешуші шешімдерді қабылдау демократия қағидаттарын ұстанатындығының айқын дәлелі болып табылады.
Сондай-ақ, ол қазақстандық іс-шараларды Татарстанда өткізу жоспарларымен және Бас консулдықтың консулдық-құқықтық қызметімен таныстырды.
Сөз сөйлеуден кейін сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1179891?lang=kk

Жауап қалдыру