«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ – 2026»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ – 2026»
🗓️ 2026 жылдың 10–11 наурыз күндері Батыс Қазақстан облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні педагог-ұйымдастырушылары арасында облыстық «Үздік педагог-ұйымдастырушы – 2026» кәсіби байқауы өткізілді.
📌 Байқаудың басты мақсаты – педагог-ұйымдастырушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және өз ісінің үздік мамандарын анықтау.
👥 Байқау барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, өздерінің теориялық білімдерін, кәсіби шеберліктері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Қатысушылар теориялық тест тапсырмаларын орындап, сыныптан тыс іс-шара ұйымдастыру, саптық дайындық жаттығуларын көрсету және АК-74 автоматын бұзып-жинау тапсырмаларын орындады.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша Ақпәтер жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Самат Усембаев жүлделі ІІ орынды иеленіп, жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетті.
👏 Әріптесімізді жетістігімен құттықтай отырып, алдағы қызметіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1179874?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді