Қазақстан халықаралық су ұйымын құру бойынша бастамасын ұсынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Найроби, 2026 жылғы 12 наурыз – ҚР Кения Республикасындағы Елшісі және Найробидегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов БҰҰ-80 бастамасы бойынша БҰҰ Қоршаған орта хатшылығының брифингіне қатысты.

Іс-шара барысында Б.Садықов қатысушыларды БҰҰ аясында халықаралық су ұйымын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы туралы хабардар етіп, су қоршаған ортаның тұрақтылығы, әлеуметтік тұрақтылық және экономикалық даму үшін аса қажетті болғандықтан сумен жабдықтау мәселелері елдердің күн тәртібінде барған сайын маңызды болып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, БҰҰ жүйесін реформалаудың қазіргі үдерісі аясында Ұйымның су ресурстары саласындағы мандатының болашақта нығайтылуы туралы талқылауларды бастау маңыздылығы ескеріліп, бұл қолданыстағы әртүрлі құрылымдар мен үйлестіру платформаларын БҰҰ жүйесіндегі су ресурстары бойынша мамандандырылған ұйымға айналдыру мақсатында жүзеге асырылуда екеніне назар аударылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға осы бастама бойынша халықаралық консультациялар 2026 ж. 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит аясында өтетіні хабарланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1180009?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді