
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті болып табылады және оны бақылау мемлекеттік еңбек инспекциясына жүктелген.
Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары:
– еңбек, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, жұмыспен қамту, шетелдік жұмыс күшін тарту туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
– жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін қарайды;
– өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексереді;
– кәсіпорындарда еңбек және ұжымдық шарттар шеңберінде тараптар қабылдаған міндеттемелердің жасалуына және орындалуына мониторинг жүргізеді.
Бүгінде мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 421 мыңнан астам ұйымы мен кәсіпорындарын бақылайды, онда 7 миллионға жуық қызметкер еңбек етіп жүр.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы 2024 жылғы тамызда құрылған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің құрамына кіреді.
Жұмыс беруші қызметкердің еңбек құқықтарын бұзған жағдайда, қызметкер жұмыс беруші орналасқан өңірдегі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаментіне жүгіне алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1180002?lang=kk

Жауап қалдыру