Арнаулы әлеуметтік төлем кімдерге беріледі және ол қандай қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік төлем зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуы міндетті шарттар болып табылады.
Арнаулы әлеуметтік төлем төрт құрамдас бөліктен: республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік жәрдемақы; өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен құралады.
Төлем зейнеткерлік жасқа дейін жүзеге төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін жұмыскер зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстан шығуы тиіс. Жұмыскерлерге жеңілірек жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетақы тағайындалғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемді алатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1179996?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді