
2026 жылғы 12 наурызда «Кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және әрекет ету алгоритмдері» тақырыбында аудандық онлайн-семинар өтті.
Семинар барысында білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары жасөспірімдер арасындағы аутоагрессивті және суицидтік мінез-құлықты ерте анықтау мәселелерін, қауіп анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмдерін, сондай-ақ мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимыл тәжірибесін талқылады.
Ауданның психологиялық қызметінің үйлестірушісі Ермоленко Н.А. кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік көріністердің алдын алу мәселелерінде білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау жүйесі арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Железин аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігерлері Баратов З.Р. мен Ковалёв Д.А., №2 ЖОББМ тәрбие жұмысы жөніндегі басшының орынбасары Проскурякова Е.Г., сондай-ақ Михайловка ЖОББМ тәрбие жұмысы жөніндегі басшының орынбасары Зайцева О.В. өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Белсенді жұмыс пен кәсіби пікір алмасу үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1180101?lang=kk

Жауап қалдыру