Роза Рымбаева Ақтөбеде Көрісу күні мерекесінде өнер көрсетеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе қаласында 14 наурызда Наурыз мейрамын мерекелеудің онкүндігі — «Наурызнама» басталады. Мерекелік іс-шаралардың ашылуы Көрісу күніне арналған «Берекелі бастау» атты концерттік бағдарламамен өтеді.

Концерттің құрметті қонағы — Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Роза Рымбаева.
Мерекелік шара 14 наурыз күні сағат 11:00-де Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Қазақ халқына мың алғыс» стеласының алдындағы алаңда өтеді.

Көрісу күні — Наурыз мейрамының басталуын білдіретін ерекше күн. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, ақжарма тілектерін айтып, үлкендерге құрмет көрсетіп, бір-біріне қолдау білдіреді.

Дәстүр бойынша мерекеде ұлттық ойындар ұйымдастырылып, дәстүрлі тағамдар дайындалады. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдени құндылықтары кеңінен насихатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1180556?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді