
Мереке бағдарламасында:
– «Nаuryz Street» мерекелік сауда;
– «ART BAZAR» қолөнер бұйымдарының көрме-сатылымы;
– «Ұлыстың ұлы күні!» театрландырылған бағдарлама;
– спорттық ойын-сауық бағдарламасы (қол күрес, қой көтеру, гір көтеру, аркан тартыс, асық ату, жілік сындыру, таяқ тарту);
– Қостанай қаласының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік бағдарламалары («DAMU BALA» жобасы, Қалалық балалар шығармашлы мектебі, «Мирас» ҚМС), сондай-ақ, қазақстандық әнші Анара Батырханның (Алматы қ.) өнер көрсетуі.
Орталық алаңда киіз үй қалашығы орналасады (шамамен 30 киіз үй). Биылғы жылы дәстүрлі киіз үйлерден басқа «Digital» киіз үйі орнатылады, онда қостанайлықтар мен қала қонақтары озық IT-технологиялармен: 3D – модельдеу және робототехника, VR – көзілдірік, ЖИ – фотобудкасы; жас инженерлер жасаған шағын роботтардың көрсетілімдік қойылымдарын және т. б. таныса алады.
Өткізу күні: 22 наурыз, сағат 10:00-ден бастап
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1180637?lang=kk

Жауап қалдыру