
Келес ауданында ұлттық спорт түрі — Тоғызқұмалақ бойынша жасөспірімдер арасында ашық біріншілік ұйымдастырылды. Жарыс «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» ұранымен өтті. Спорттық дода Ошақты елді мекеніндегі №46 Абай атындағы жалпы орта мектебінде өткізілді. Оны «Келес аудандық ұлттық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.
Ашық біріншілікке ауданның әртүрлі елді мекендерінен келген жас спортшылар қатысты. Жарыс 2012–2013, 2014–2015, 2016–2017 және 2018 жылдан төмен жас санатындағы ұлдар мен қыздар арасында өтті. Қатысушылар тоғызқұмалақ ойынында өзара бақ сынап, шеберліктерін көрсетті. Жарыстың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында ұлттық спортты дамыту, тоғызқұмалақ ойынын кеңінен насихаттау және жастарды салауатты өмір салтына баулу болып табылады.
Ұйымдастырушылардың сөзінше мұндай жарыстар жас спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға да мүмкіндік береді. Екі күнге созылған тартысты ойындардың нәтижесінде үздік шыққан спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1180798?lang=kk

Жауап қалдыру