
2026 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің №1 МӘС бөлімі №6 қалалық емханасында медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Бөлім басшысы алғашқы мүгедектікке шығудың негізгі көрсеткіштері туралы баяндады. №6 қалалық емханадан куәландыруға жіберілген тұлғалар арасында негізсіз жіберілгендер санының азайғаны атап өтілді, бұл көрсеткіш:
2025 жылы – 1 адам, ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде – 3 адамды құрады. Сонымен бірге ішінара және толық оңалту көрсеткіштерінің жақсарғаны айтылды. №6 қалалық емхана бойынша 2025 жылы ішінара оңалту көрсеткіші 59 адамды (16,9%) құрады, ал 2024 жылы – адам (8,6%). Жалпы №1 МӘС бөлімі бойынша 2025 жылы ішінара оңалту 402 адамды (24,8%) құрады. №6 қалалық емханада 2025 жылы толық оңалту көрсеткіші 66 адамды (15,9%) құрады, ал 2024 жылы – 51 адам (12,3%) болды.
Сонымен қатар емдеу-профилактикалық ұйымдардың дәрігерлері МӘС-ке арналған 031/е нысанындағы қорытындыларды сапасыз толтыратыны атап өтілді. Нақты мысалдар келтірілді. Әсіресе көз және оның қосалқы мүшелері аурулары кезінде құжаттарды толтыруға ерекше назар аударылды. Бұл жағдайларда мүгедектік тобын белгілеудің негізгі көрсеткіші диагноз емес, яғни шахматтық паттерн бойынша көру өткірлігі (visus), сондай-ақ статикалық және кинетикалық периметрия нәтижелері болып табылады.
МӘС-ке ұсынылатын сапасыз қорытындылар санын азайту мақсатында МДК жұмысын күшейту, сондай-ақ оның құрамына көз дәрігері және жүйке жүйесі дәрігері мамандарын енгізу ұсынылды. Бұл 031/е нысанындағы қорытындыларды рәсімдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек бөлімше меңгерушілерінің және МӘС-ке жіберілетін қорытындыға қол қоятын бас дәрігердің орынбасарының жеке жауапкершілігі мәселесін қарастыру ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1180782?lang=kk

Жауап қалдыру