
Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиевтің төрағалығымен департаменттің жеке құрамына кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы бойынша дәріс өткізілді.
Дәріс барысында Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері «Ішкі істер органдары қызметкерлерін даярлаудың үлгілік іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау және стандартты емес қызметтік жағдайларда әрекет ету» кешенді бағдарламасын таныстырды.
Сонымен қатар тәртіп сақшыларына қызметтік даярлық, атыс даярлығы, дене шынықтыру даярлығы және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша түсіндірме берілді.
Дәріс барысында полиция қызметкерлерінің әртүрлі қызметтік жағдайларда әрекет ету алгоритмдері кеңінен түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді.
Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ стандартты емес қызметтік жағдайларда дұрыс әрі жедел шешім қабылдау тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметкерлерге қызмет барысында заң талаптарын қатаң сақтау, кәсіби тәртіпті нығайту және жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1180851?lang=kk

Жауап қалдыру