Сенімгерлік басқаруға беру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 Жарлығын орындау мақсатында «Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы
24 қазандағы № 894 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
(бұдан әрі – Қаулы) қабылданды.

          Қаулының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес сенімгерлік басқаруға беруге ұсынылатын коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі бекітілген.

          Аталған Қаулыны орындау мақсатында Жетісу облысы әкімдігінің
2026 жылғы 12 наурыздағы № 71 қаулысына сәйкес Сенімгерлік басқаруға беруге жататын облыстың коммуналдық меншіктегі нысандар бекітілді.

         

Ұйымның атауы

Іске асыру мерзімі (жыл)

Сенімгерлік басқару мерзімі

1

«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2026 жыл

5 жыл

2

«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Олимп» кәсіпқой регби клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

2026 жыл

5 жыл

3

«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу» волейбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2026 жыл

5 жыл

4

«Жетісу» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамы

2026 жыл

5 жыл

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-finance/press/news/details/1180848?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді