
Шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – Сарыағаш ауданында басым бағыттардың бірі. Бұл мәселе аудан әкімі Арман Абдуллаевтің тұрақты бақылауында. Бүгінде ауданда ауыз су мәселесін кезең-кезеңімен шешу мақсатында елді мекендерге су құбырларын тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Осыған орай, аудан әкімі Ақжар ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын арнайы барып пысықтады. Жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, құрылыс жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес, белгіленген мерзімде әрі жоғары сапада аяқтау қажеттігін қатаң тапсырды.
Аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге жауапты мердігер мекеме – «САҚ-ҚҰРЫЛЫС» ЖШС. Ал жобаның тапсырыс берушісі – Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. Қазіргі таңда, нысанда ауыз су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қараша айында басталған. Жоба толық іске асырылған жағдайда Ақжар елді мекеніндегі 7 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1180981?lang=kk

Жауап қалдыру