
“Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды әз-Наурыздың басы саналатын берекелі мейрам – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ағайынның бір-бірімен арқа-жарқа қауышатын, аман-саулық сұрасатын, елдің елдігі мен бірлігін танытатын тағылымды мейрам. Осы күні адамдар өзара кешірісіп, ниеттің ақтығын, пейілдігін кеңдігін көрсетеді. Бабадан жеткен бағзы дәстүр – үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің, бауырмалдық пен мейірімділіктің нышаны.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен үш жыл бұрын Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – «Наурызнама» онкүндігі енгізілді. Оның аясында ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, бүгініміз бен болашағымыз үшін маңызды қағидаттарға назар аударылды. Президенттің тікелей қолдауымен Көрісу күні жалпыұлттық сипат алып келеді.
Ардақты ағайын!
Осы бірегей дәстүріміз ырысты ынтымағымыз бен берекелі бірлігімізді нығайта берсін! Әр шаңырақ шаттық пен мол игілікке кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айдан аман, жылдан есен болып, Амалдан Амалға жете берейік!”, – деді Нариман Төреғалиев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1181069?lang=kk

Жауап қалдыру