«Көктемнің әсем бояулары»: Астанада зейнеткерлерге арнап шығармашылық байқау өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Көктемнің әсем бояулары» тақырыбында арт-терапия үйірмесінің шығармашылық байқауы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өнер арқылы көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыруға бағытталды.

Үйірме волонтер Алуа Байбұлованың жетекшілігімен жұмыс істейді.

Үйірмеге қатысушылар өз жұмыстарында көктем мен Наурыз тақырыптарын бейнеледі. Олар өз суреттерінде табиғаттың сұлулығын, қазақ қыздарының бейнесін, сондай-ақ, ұлттық нақыштарды көрсете білді. Әрбір жұмыс ерекше шығармашылық көзқарасымен және өзіндік ерекшелігімен дараланды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
I орын – Галина Качковская;
II орын – Ирина Илючик;
III орын – Александра Мерзлякова.

Жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1181112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді