14 наурыз – Көрісу күніне орай Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін білдірді.
Амал мерекесі – татулық пен сыйластықты дәріптейтін ерекше күн. Осы күні қызметкерлер бір-біріне сәттілік тілеп, ел тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.
Іс-шара барысында ұлттық дәстүрдің маңызы айтылып, ұжым арасындағы бірлік пен сыйластық одан әрі нығая түсті.
Жалағаш ауданы ТЖБ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1181196?lang=kk

Жауап қалдыру