«Көрісу: ізгі ниет пен сыйластық»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының барлық білім беру мекемелерінде 14 наурыз – Көрісу күніне арналған тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өтті.

Өңірлік деңгейде өткізілген бұл шаралардың мақсаты – өскелең ұрпаққа қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.

Мереке аясында облыс мектептерінде ұстаздар мен оқушылар бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Жиындар барысында ұлттық дәстүрдің маңыздылығы туралы айтылып, оқушылар бұл ерекше мерекенің тарихымен танысты. Осындай іс-шаралар облыстың барлық елді мекендерін қамтып, береке мен бірліктің символына айналды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1181230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді