Ерейментау ауданында республикалық референдум өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасында маңызды саяси оқиға – республикалық референдум өтуде. Бұл референдумда азаматтар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қабылдау мәселесі бойынша өз таңдауларын білдіруде. Референдумға қойылған негізгі сұрақ – Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жаңа Конституция жобасын қабылдау туралы.

Еліміз бойынша барлық референдум учаскелері таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс бере алады.

Ерейментау ауданында да референдум ұйымдасқан түрде өтуде. Аудан бойынша 3 референдум учаскесі жұмыс жасап, тұрғындарға дауыс беру үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Таңғы сағат 07:00-де учаскелер өз жұмысын бастап, алғашқы сайлаушыларды қабылдады.

Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов та алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. Ол №416 референдум учаскесіне барып, бюллетень алып, дауыс берді. Аудан басшысы референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі референдум – халықтың өз пікірін білдіретін маңызды демократиялық тетік. Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту және елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған.

Ерейментау ауданында референдум тыныш әрі заң талаптарына сай өтуде. Сайлау учаскелерінде комиссия мүшелері, бақылаушылар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп, дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen/press/news/details/1181308?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді