🔰 ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ «ФАРАБ» ӘМБЕБАР ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ» МКК-НА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Бүгін, Департаментпен бекітілген 2026 жылғы І-жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, бақылауға жататын міндеттеме талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сыздықов Нұрбек Әбдібекұлы Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты «Түркістан облыстық «Фараб әмбебап ғылыми кітапханасы» МКК-на профилактикалық бақылау жүргізді.
 
🔹 Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Нұрбек Әбдібекұлы «Түркістан облыстық «Фараб әмбебап ғылыми кітапханасы» МКК-ның еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
🔹 Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына және жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына қатысты түсіндірме беріп өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1180533?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді