
2026 жылдың 11-13 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен білім беру ұйымдарының психологтері арасында «Үздік жыл психологі» республикалық байқауында Шығыс Қазақстан облысының педагог-психологтары жоғары нәтиже көрсетіп, өңіріміздің абыройын асқақтатты.
Комиссия шешімі бойынша Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған 5 психологтің 4-уі жүлдегер атанды:
ІІ орын – ШҚО білім басқармасының Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Алёнушка» балабақшасы» КМҚК педагог-психологі Гинц Анна Юрьевна.
ІІІ орын – ШҚО білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ педагог-психологі Нурскенова Зульфира Жумакановна.
ІІІ орын – ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК педагог-психологі Бекбаева Динара Дулатқызы.
ІІІ орын – ШҚО білім басқармасының «Облыстық математика, физика информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ педагог-психологі Ораз Меруерт Қабидолдақызы.
Арнайы грамота иегері – ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 арнайы мектеп-балабақшасы» КММ педагог-психологі Жиброва Наталья Юрьевна.
Республикалық деңгейде облысымыздың намысын қорғаған педагог-психологтарды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1180559?lang=kk

Жауап қалдыру