
Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі бағыттары мен мазмұнын түсіндіру, сондай-ақ медицина қызметкерлерімен маңызды қоғамдық-саяси мәселелерді талқылау болды.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен айтып өтті. Әсіресе заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1180510?lang=kk

Жауап қалдыру