
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен бірге медициналық ұйымдардағы пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің кадр құрамы, олардың жұмысын күшейту, халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына және қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Департамент басшысы У.Мусабаева медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары сәйкес ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізудің басты талаптары, Пациенттерді қолдау қызметінің басты міндеттері бойынша, 2024 жылдың 12 айында департаментте қаралған өтініштерге сәйкес халық үндеуінің басты себептері, өтініштердің негізділігіне сәйкес халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына және қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін арттыру мәселелері бойынша түсіндіріп өтті.
Семинар соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/969107?lang=kk

Жауап қалдыру