Облыстық «Бала тіл – бал» байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық «Бала тіл – бал» байқауы

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Халықаралық балаларды қорғау мерекесі аясында 2024 жылдың 30 мамыр күні бүлдіршіндер арасында облыстық «Бала тіл – бал» байқауын ұйымдастырды. Бұл шараға облыс аудандарынан және Орал қаласы бойынша 4-5 жас аралығындағы мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері қатысты.

«Бала тіл – бал»  байқауының мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, рухани құндылықтарымызды насихаттау, ана тіліміздің мәртебесін арттыру.

Байқау 4 түрлі  шарт бойынша оздырылды:

  1. «Таныстыру». Қатысушы өзін қысқаметражды бейнеролик арқылы таныстырып, қызығушылықтары, тәрбиеленетін ұйымы туралы мәлімет айту.
  2. «Жырлаймын Отанымды» –  Отан туралы өлеңді  мәнерлеп оқу.
  3. «Кел, санайық санамақ!»  – санамақ айту.  
  4. «Шабыт жұлдызы» – өз өнерін көрсету.

Байқау қорытындысы бойынша:

1-орын – Аманжол Аяла – Қаратөбе ауданының Мұхит ат. ЖОББМ-ның тәрбиеленушісі, жетекшісі Отарова А.С.;

2-орын – Камидуллиева Айназ – Орал қаласының № 19 «Дарын» бөбекжайының тәрбиеленушісі, жетекшісі Куанова З.К.;

2-орын – Ақылбек Жігер – Бөкей ордасы ауданының Б.Жаникешев ат. ЖОББМ-ның  тәрбиеленушісі, жетекшісі Курмашева А.А.;

3-орын – Ерсайын Нәзік – Сырым ауданының Қособа мектеп бөбекжай-балабақша-кешеңінің  тәрбиеленушісі, жетекшісі Амиргалиева Я.С.;

3-орын – Мендеш Ясмин  – Казталов ауданының «Ертегі» бөбекжайының тәрбиеленушісі, жетекшісі Шамаякова М.У.;

3-орын – Замир Надира – Орал қаласының №41 «Ақ тілек»бөбекжайының тәрбиеленушісі, жетекшісі Тұрар А.Ә.;

Жүлделі орын иегерлері дәрежелі дипломдар мен велосипед, қалған қатысушылар алғыс хаттар мен самокаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-madeniet/press/news/details/969112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді