Зейнолла Ыдырысов әлем Кубогында Түркиядағы жетістігін қайталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем Кубогының 3-кезеңінде Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдегер атанды.

Отандасымыз тұтқалы ат снарядының финалында 13.733 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Ол 2025 жылы да тура осы Антальядағы әлем Кубогында 2-орын алған болатын.

Тұтқалы ат снаряды, жүлдегерлер:
🥇🇮🇪Рис Маккленаган (Ирландия, Париж Олимпиадасының чемпионы) – 13.900 ұпай
🥈🇰🇿Зейнолла Ыдырысов – 13.733
🥉🇮🇪Джеймс Хики (Ирландия) – 13.566

Отандасымыз наурыз айының басында Бакуде өткен әлем Кубогының кезеңінде де жүлдегерлер қатарына кірген еді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1181359?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді