Негізгі мақсат – құқық бұзушыларды тек анықтау ғана емес, олардың алдын алу.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Заң мен тәртіп 🔹2025 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңға қол қойды, ол 2026 жылдың 2 наурыздан бастап күшіне енді.
Негізгі мақсат – құқық бұзушыларды тек анықтау ғана емес, олардың алдын алу.
Заң тек жазалауға ғана емес, ерте анықтауға, көмек көрсетуге және үйлестіруге басымдық береді.
Профилактиканың субъектілері – тек полиция ғана емес, сонымен қатар отбасыны қолдау орталықтары, мобильді топтар, медицина қызметкерлері, жастар ұйымдары, БАҚ және адам құқықтары жөніндегі уәкілдер болып табылады.
Жеке профилактиканың жаңа құралдары енгізілді бұл – әкімшілік қадағалау. Сонымен қатар, антиқоғамдық мінез-құлықты тоқтату туралы ресми жазбаша ескерту енгізілді, оны орындамаған үшін ӘҚБК 462-б. 3-б. сәйкес айпқұл қарастырылған.
Ерекше назар жасөспірімдерге, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және қайталама құқық бұзушылықтарға аударылады.
Полицияның рөлі негізгі болып қала береді, мұнда әрбір субъект қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосады.
Біздің ортақ міндетіміз – тек әрекет ету ғана емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aktogay/press/news/details/1180316?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді