
Мемлекеттік қызметтерді алу жолдары бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн және офлайн түрде алу тәртібі туралы ақпарат берілді. Әсіресе, қызметтерді онлайн түрде алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану мүмкіндіктері түсіндірілді.
Азаматтарға қосымшаны жүктеу, тіркелу, электрондық қызметтерді алу, анықтамаларға онлайн түрде тапсырыс беру және олардың нәтижесін қашықтан алу жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, қосымша арқылы құжаттарды цифрлық форматта пайдалану және қажетті мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу мүмкіндігі туралы да ақпарат берілді.
https://www.instagram.com/p/DV0NEpTEcBo/?igsh=MXBkd2J4Z3VoOWh4NA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-almaly/press/news/details/1180307?lang=kk

Жауап қалдыру