«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі»: Алтай ауданында мектеп оқушыларының форумы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі»: Алтай ауданында мектеп оқушыларының форумы өтті

Алтай ауданында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалықтың кепілі» тақырыбында мектеп командаларының форумы өтті. Іс-шара аудандық полиция бөлімінің бастамасымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталды.

Форумға Алтай ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Денис Еримбесов, аудан прокуроры Ерлан Рыспаев, аудан әкімінің орынбасары Жанна Аскарова, аудандық білім бөлімінің басшысы Бакыт Канафина және аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Болатканов қатысты.

Іс-шара барысында мектеп командалары заңдылықты нығайтуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және балалар үшін қауіпсіз орта құруға бағытталған жобалар мен бастамаларын таныстырды. Қатысушылар өздерінің жақсы дайындықтарын, заң негіздерін меңгергенін және белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.

Алтай ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Денис Еримбесов мұндай кездесулер жас ұрпақтың заңға деген құрметін қалыптастыруда маңызды екенін атап өтті.

«Бүгінде жастардың заңның маңызын және жеке жауапкершілікті түсінуі аса маңызды. Осындай кездесулер оқушылардың құқықтық мәселелерді дұрыс түсінуіне және заңға құрметпен қарауына ықпал етеді», – деді ол.

Форум қорытындысы бойынша мектеп командалары грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, полиция, білім беру жүйесі мен қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1180289?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді