
Қызылордада «Заң мен Тәртіп» қағидатының аясында, 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараға Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры Сұлтан Телмұхамбетов және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің АМІЖ тергеушісі Майра Оралбаева қатысып, жеке құрамға құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында дропперлік схемалардың қауіптілігі, қаржы пирамидаларының белгілері және құмар ойындардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін зардаптары туралы баяндамалар жасалып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Дәріс барысында ашық пікірталас ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1180287?lang=kk

Жауап қалдыру