
Құрметті қала тұрғындары!
15 наурыз республикалық референдум күні өз учаскелеріңізге келіп, дауыс беру шарасына қатысуға шақырамыз!
Бұл күні қала аумағындағы бірқатар референдум учаскелерінде жергілікті көркемөнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынады.
Ал бірқатар учаскелерде шағын азық-түлік жәрмеңкелері өтеді. Табиғи өнімдер, жергілікті тауар өндірушілер ұсынған өнімдер жәрмеңкелерден орын алады.
Мәселен, жәрмеңкелер келесі учаскелерде ұйымдастырылады:
№44, №46 учаскелерде (Тургенев көшесі, 70а);
№52 учаскеде (Сәнкібай батыр даңғылы, 145Б);
№112 учаскеде (12 шағын аудан, 37/1);
№541 учаскеде (Тәуелсіздік даңғылы, 4А);
№549 учаскеде (Сарыжайлау көшесі, 70Б).
Сізді күтеміз! Сіздің даусыңыз маңызды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1180262?lang=kk

Жауап қалдыру