
Еңбек инспекциясы департаменті «МАК» ӨСК» АҚ өкілдерімен бірлесіп «Modex Astana» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара еңбек заңнамасы саласындағы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларын сақтау жөніндегі талаптарды арттыруға бағытталған. Кездесу барысында жұмыс берушіге Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу қажеттілігі туралы заңнаманың талаптары түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1180232?lang=kk

Жауап қалдыру