Спорт саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметтік әдепті сақтау туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Іс-шараның күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындаудың өзекті мәселелері қаралды.

Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мінез-құлқына қойылатын талаптарды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын жан-жақты талқылады.

Іс-шараға Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің құқық бұзушылықтардың алдын алу басқармасының басшысы Успанов Батырхан Евгеньевич және «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі Сюндиков Қайрат Жанділдинович қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1180221?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді