
Меркі аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен аудандық полиция қызметкерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Кездесу барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның салдары және мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу шаралары түсіндіріліп, зардап шеккендерге көмек көрсету тәртібі айтылды. Сонымен қатар жеке құрамның адамгершілік-рухани тәрбиесі, қызметтік тәртіпті сақтау, сондай-ақ экстремизм мен радикалды діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұру мәселелері талқыланды. Мұндай кездесулер қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіздік шараларын күшейтуге ықпал ететіні атап өтілді.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1180219?lang=kk

Жауап қалдыру