
13 наурыз Достық үйінде көрісу мерекесіне арналған “Көрісу – көңілдің көктемі” атты мерекелік іс шара өтті.
Көрісу күні – адамдардың бір-бірімен амандасып, амандық-саулық тілеп, ізгі ниетпен қауышатын ерекше дәстүрлі мереке. Бұл күні үлкенге құрмет көрсетіліп, ағайын-туыс пен көрші-қолаң бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіреді. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бұл дәстүр халықтың бірлігі мен сыйластығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптейді.
Іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын мәдени көріністер, ән мен күйден құралған концерттік бағдарлама ұсынылды. Қонақтар мен қатысушылар бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін айтып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Мерекелік шара ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған тағылымды кездесу болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1180190?lang=kk

Жауап қалдыру