Жер учаскелерін иеліктен шығару туралы келісімшарт жобалары қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін қалалық мәслихатта инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Н.Мауленовтың төрағалығымен «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» мәселе қаралды.
 
Жиында қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Бекежанов жер учаскелерінің тізімін баяндады. Отырыс барысында депутаттар меншік иелерінің келісімі туралы сұрап, өз сұрақтарын қойды.
 
Тұрақты комиссия отырысын қорытындылай келе, халық қалаулылары бес меншік иесінің келісімшарт жобасын келісу үшін сессия қарауына жолдап, бір меншік иесінің мәселесін тәуелсіз бағалаушының бағасына келіспеуіне байланысты кері қайтарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taraz/press/news/details/1180167?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді