Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Сейтханұлы Жошыбаевтың Министрдің орынбасары Слесарев Сергей Петровичпен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А.ж. 2 сәуірінде Қырғыз Республикасының Цифрлық даму және инновациялық технологиялар министрлігінде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Сейтханұлы Жошыбаевтың Министрдің орынбасары Слесарев Сергей Петровичпен цифрландыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша кездесу өтті.

Атап айтқанда, тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының жерүсті радиоқызметтері пайдаланатын 29.7 МГц – 3000 ГГц жиілік жолағындағы радиожиілік тағайындауларын үйлестіру туралы және «Қазтелерадио» АҚ-ның «Батыс» радиотелевизиялық станциясы объектісінде Қырғыз Республикасының телерадио хабар тарату операторлары мен байланыс операторларының қызмет тәртібі туралы екі үкіметаралық келісім жобаларына қол қою мәселелерін, сондай-ақ ү.ж. тамыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Ыстықкөл облысында жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту тақырыбы бойынша Жастар инновациялық форумын өткізу мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Елші әңгімелесушіні Қырғызстан мен Орталық Азия елдерінің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған «Silk Way» туристік цифрлық жобасын іске асыру және жаңа бірлескен аймақтық телеарна құру бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы хабардар етті.

Тараптар екі елдің уәкілетті органдары арасында бірлескен өзара іс-қимыл жасау қажеттілігі туралы өзара түсіністікке келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bishkek/press/news/details/969211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді