Маңғыстау облысының терроризмге қарсы комиссиясының 2025 жылғы бірінше тоқсандағы отырысы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбайдың төрағалығымен Маңғыстау облысының терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты.

Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалары бойынша атқарылған жұмыстарға басты назар бөлінді.

Сондай-ақ, өзекті мәселелер талқыланып, облыс аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды одан әрі жетілдіру және бақылау жөнінде ұсынымдар айтылды.

Отырыс нәтижесінде терроризмге қарсы комиссия мүшелері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында мемлекетті органдар арасында іс-қимылын күшейту бойынша нақты тапсырмалар алды.

 

 

Маңғыстыу облысы ҰҚКД ТҚО бөлімінің

ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/969303?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді