Тараз мектептеріндегі эвакуация шараларын бағалау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   

Тараз қаласының ТЖД қызметкерлері қала әкімі аппаратымен бірлесіп, ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 2 шілдедегі №494 бұйрығына («Халық пен азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды хабардар ету, білімді насихаттау және оқыту қағидаларын бекіту туралы») және қала әкімінің орынбасарының тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру мекемелеріндегі эвакуациялау шараларын бағалау жұмыстарын бастады.

    Оқу-жаттығу іс-шаралары барысында оқушылар мен педагогтердің эвакуациялық маршруттар бойынша қауіпсіз аймаққа дер кезінде шығуына, электр құрылғыларын толық өшіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, қосалқы шығу есіктерінің қолжетімділігі мен дабыл жүйесінің жұмысқа жарамдылығы тексеріледі.

    Тексеру барысында анықталған кемшіліктер актілерге тіркеліп, оларды жою бойынша білім беру мекемелеріне тиісті ұсыныстар беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/969331?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді