Референдум учаскелерінде шахмат пен дойбыдан жарыстар ұйымдастырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 наурыз күні елімізде Қазақстан Республикасының Конституциялық реформасына арналған республикалық референдум өтуде. Мойынқұм ауданында дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенді қатысуы байқалуда.

Аудан бойынша референдум учаскелерінде сайлаушылар үшін түрлі мәдени және зияткерлік шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, кейбір учаскелерде сайлаушылар арасында шахмат пен дойбыдан шағын жарыстар өткізілуде.

Бұл шаралар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, зияткерлік ойындарға деген қызығушылықты арттыруға да ықпал етуде. Сонымен қатар мұндай бастамалар референдум күні учаскелердегі белсенділікті арттырып, тұрғындардың көтеріңкі көңіл-күйде келуіне септігін тигізуде.

Бүгінде Мойынқұм ауданындағы барлық референдум учаскелері белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс істеп, тұрғындарға өз таңдауларын жасауға барлық жағдай жасалған. Аудан тұрғындары ел болашағы үшін маңызды науқанға белсенді қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1181390?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді