Нетворкинг, кейстер және трендтер: Қарағандыда наурыз айындағы неконференция өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 наурызда Қарағандыда «Бизнес және әзірлеу» атты неконференция өтеді. Іс-шара кәсіпкерлерге, стартаперлерге, ақпараттық қауіпсіздік мамандарына, әзірлеушілерге және компания басшыларына пайдалы болмақ.

Қатысушылар өз саласындағы әріптестерімен тәжірибе алмасып, жаңа кәсіби байланыстар орната алады. Сондай-ақ нетворкингке қатысып, бизнес пен IT саласындағы нақты кейстермен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарлама екі бағытқа бөлінген — бизнес және әзірлеу. Сессиялар екі конференц-залда қатар өтеді.

Спикерлер қатарында:

Тимур Дұрмағамбетов, Smetahub компаниясының CEO-сы — «Жөндеу кезінде ақшаны жоғалтпауға жасанды интеллект құралдары қалай көмектеседі»;

Никита Дорош, Neyches Boots компаниясының негізін қалаушы — «Мегаполистен тыс жерде мықты бизнесті қалай құруға болады»;

Сәуле Құсайынова, ZANTech стартапының CEO-сы — «Еңбек шарттарындағы қателіктер: қандай жағдайда жаза қолданылады?»;

Данияр Хамитов, Nuvem компаниясының Senior Software Developer маманы — «High-Load .NET: өнімділік үшін күрес және бұлттағы ресурстарды үнемдеу»;

Никита Швецов, Woppay компаниясының Android Developer маманы — «Мобильді әзірлеудегі трендтер»;

Серікбек Ақжол, Alfa-Bank-тағы middle Kotlin/Java әзірлеушісі — «Linux неге „барлық жерде“, тіпті сіз оны байқамасаңыз да».

Неконференция сағат 18:30-да басталады.

Негізгі бағдарлама алдында, сағат 17:00-де, қаладағы IT-компаниялардың қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шара онлайн және офлайн форматта Қарағандыдағы «Террикон алқабы» IT-hub алаңында (Алалыкин көшесі, 12) ұйымдастырылады.

Тіркелу: terricon.kz.

Шара Қарағанды облысының Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1179310?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді