Кезекті отырыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жасұлан Сәдуақасовтың төрағалығымен Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарау мәселелері талқыланды.

Отырыста «Екібастұз өңірінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» тақырыбында Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Төлеген Айдарханұлы Құдайбергенов баяндама жасады. Баяндамашы Кеңес мүшелерін полицияның жедел-қызметтік қызметінің негізгі көрсеткіштерімен таныстырды. 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бірқатар санаттар бойынша қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалады. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыстардың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың азайғаны атап өтілді.Баяндама барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу ішкі істер органдары қызметінің басым бағыты болып қала беретіні айтылды. Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, есірткі қылмысының жолын кесу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде.

Отырыс барысында Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қоғамдық кеңестің қарауына екі нормативтік құқықтық актінің жобасын ұсынды.

Кеңес мүшелерін «Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешім жобасымен бөлім басшысы А.С. Хакимов таныстырды. Оның айтуынша, шешім жобасында «Ерай-Сервис» ЖШС жүргізген есептеулер негізінде «абаттандырылған үй иеліктері» және «абаттандырылмаған үй иеліктері» санаттары бойынша нормалар қайта қаралған. Бұл есептеулер қолданыстағы нормаларды тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың нақты көлеміне сәйкестендіру мақсатында жүргізілген. Мәселені қарау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес бөлімге енгізілетін өзгерістер туралы халықты кеңінен хабардар етуді, сондай-ақ қабылданатын шешімдерді іске асыру барысында тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін ескеруді ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1179115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді