102 жастағы ардагер Құрмат Рахимов дауыс беруге қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының 102 жастағы ардагері Құрмат Рахимов үйінде дауыс берді.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жасы ұлғайғанына қарамастан, ардагер шетте қалмай, ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, дауыс беруге қатысты.

Жақындарының айтуынша, ол әрдайым сайлауларға қатысып, ел үшін маңызды оқиғалардан ешқашан тыс қалған емес — бүгін де өз дауысын берді.

Бұл күні ақсақалдың жанында полиция қызметкерлері болды. Сондай-ақ ардагерге Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Өдербаев келіп, құрметі мен қолдауын білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1181417?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді