Мұнайлы ауданы мектептерінде бет-әлпетті тану жүйесі сынақтан өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Маңғыстау облысы – Өңірдегі білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бет-әлпетті тану (Face ID) технологиясы пилоттық режимде іске қосылды. Жоба мектептерде қауіпсіз орта қалыптастыруға және ата-аналардың сенімін арттыруға бағытталған.
Жүйені енгізу барысында деректердің құпиялылығына баса назар аударылады. Барлық ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалып, тек қауіпсіздік мақсатында қолданылады. Бұл цифрлық шешім мектепке бөгде тұлғалардың кіруіне жол бермей, оқу процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыруға 25 жылдық тәжірибесі бар ірі цифрлық оператор «Транстелеком» компаниясы атсалысуда. Пилоттық кезеңнің нәтижесі бойынша жүйені Мұнайлы ауданының өзге де мектептеріне кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1181418?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді