
Бүгін республикалық референдум аясында «Жастар аллеясы» алаңында және Алатау шағын ауданындағы «Корзинка» дүкенінің автотұрағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтті.
Жәрмеңкелерге Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілген.
Шара барысында жалпы құны 18,9 миллиион теңгені құрайтын 23,7 тонна ауыл шаруашылығы тауары нарық құнынан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды.
Оның ішінде 3,2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 1,5 тонна шұжық, 1,2 тонна сүт, 2 мың дана жұмыртқа, 0,7 тонна кондитер, 0,6 тонна макарон, 0,5 тонна тұз, қант 0,5 тонна, қарақұмық 0,5 тонна, 0,5 тонна балық, 3,5 тонна ұн, 0,5 тонна бал және 10,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1181505?lang=kk

Жауап қалдыру