
Облыс жастары Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты акция өтті.
Акцияның басты мақсаты – қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға қолдау көрсету.
Іс-шара барысында облыс бойынша көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы 30 отбасыға азық-түлік себеттері табысталып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Қайырымдылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Осындай игі бастамалар қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттырып, адамдарды бір-біріне қолдау көрсетуге үндейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1181479?lang=kk

Жауап қалдыру