Қайырымдылық күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз – мейірімділік пен татулық мерекесі

Наурыз – мейірімділік пен татулықтың, бірлік пен берекенің мейрамы. Сондықтан мереке күндері мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қайырымдылық жасау Наурыздың қадірін арттыра түседі. Биыл Наурызнама онкүндігінің бір күні қайырымдылық істеріне арналып отыр.

Осыған орай Ырғайты ауылдық округі әкімдігімен «Шын жүректен» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында мұқтаж жанға азық-түлік себеті табысталды.

Бұл игі шара арқылы Наурыз мерекесінің басты құндылықтарының бірі – адамдарды қайырымды, бауырмал әрі бір-біріне қамқор болуға шақыру екені тағы бір мәрте айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yrgaity/press/news/details/1182259?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді