Дәстүрді дәріптеген өрт сөндіруші: Қарағанды облысының құтқарушысы тазы мен бүркіт баптайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысы ТЖД Бұқар жырау ауданы №29 өрт сөндіру бекетінің аға өрт сөндірушісі Азамат Төкешов – өз ісіне адал құтқарушы ғана емес, ұлттық дәстүрді дәріптеп жүрген жан.

Ол азаматтық қорғау саласында он жылға жуық уақыт бойы еңбек етіп келеді. Күнделікті қызметінде адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікпен жұмыс атқаратын Азамат бос уақытында қазақтың байырғы саятшылық дәстүрін жаңғыртып, тазы баптаумен айналысады.

Бүгінде оның қолында сегіз асыл тұқымды тазы және бүркіті бар. Ұлттық спортқа деген сүйіспеншілігі мен еңбегінің нәтижесі де жоқ емес. Былтыр ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай өткен «Құмай тазы» республикалық шырға тарту жарысында Азамат өзінің Желқара атты тазысы­мен І орынды иеленді.

Қауіпті сәттерде адамдардың өмірін арашалап жүретін құтқарушы үшін ұлттық мұраны дәріптеу – үлкен мақтаныш. Азамат Төкешов секілді азаматтар арқылы ата-бабадан қалған саятшылық дәстүрі мен ұлттық спорт түрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табуда.

Қарағанды облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1182258?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді