Успен ауданында мектеп оқушылары арасында азаматтық қорғаныс бойынша жарыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

4 марта в Успенском районе состоялись районные соревнования по гражданской обороне среди учащихся школ района. Мероприятие направлено на формирование у школьников практических навыков действий в чрезвычайных ситуациях, развитие выносливости, командного духа и ответственности.

4 наурыз күні Успен ауданында мектеп оқушылары арасында азаматтық қорғаныс бойынша аудандық жарыс өтті. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, төзімділік пен командалық рухты дамыту.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің жақсы білімін, физикалық дайындығын және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ете алу қабілеттерін көрсетті.

Жарыс келесі кезеңдерден тұрды:
1️⃣ противогазды кию;
2️⃣ алғашқы медициналық көмек көрсету және зардап шеккен адамды алып жүру;
3️⃣ кедергілер жолағы;
4️⃣ жалпы әскери қорғаныс киімін (ОЗК) кию – капитандар сайысы;
5️⃣ арқан тарту.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

🥇 1-орын — М. Жұмабаев атындағы мектеп
🥈 2-орын — А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп
🥉 3-орын — Белоусов жалпы орта білім беру мектебі

Жеңімпаздарды құттықтап, барлық қатысушыларға белсенділігі, жақсы дайындығы және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1182316?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді