
16 наурыз күні №48 жалпы орта білім беру мектебі қабырғасында ұлттық рухты асқақтатқан тағылымды шара өтті. «Наурыз бата» атты оқушылар арасындағы бата айту сайысы жас ұрпақты салт-дәстүрге баулып, қазақтың ізгі тілегі мен ақ батасының қадірін ұғындыруды мақсат етті.
Сайысқа 8–11 сыныптардан барлығы 9 оқушы қатысып, ата-бабадан жеткен батаның мәні мен мағынасын көркем жеткізуге тырысты. Әр қатысушы сахна төрінде сөз қадірін танытып, ұлттық дәстүрге деген құрметін көрсетті.
Шараның құрметті қонағы — Балтабай Сәкенұлы Сыздыков. Ол — Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Баянауыл ауданы мен Павлодар облысының құрметті азаматы. Сонымен қатар бата беруден өткен республикалық байқаудың екі мәрте жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ақын әрі күйші-сазгер ретінде елге кеңінен танымал тұлға.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1182620?lang=kk

Жауап қалдыру