
Наурыз мейрамы биыл Қазақстанда ерекше форматта атап өтілуде.
🇰🇿 14–22 наурыз аралығында елімізде Наурызнама онкүндігі өтеді.
Бұл кезең ұлттық дәстүрлерді насихаттауға, мәдени құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға арналған.
Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, халқымыздың бай мәдени мұрасын кеңінен танытуға бағытталған.
14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі)
15 наурыз – Қайырымдылық күні
16 наурыз – Шаңырақ күні
17 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күні
18 наурыз – Ұлттық киім күні
19 наурыз – Жаңару күні
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
21 наурыз – Ынтымақ күні
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы
Осы күндері еліміздің барлық өңірлерінде ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар қайырымдылық акциялары, спорттық жарыстар және мерекелік бағдарламалар өткізіліп, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1182699?lang=kk

Жауап қалдыру