
Көктерек ауылдық округінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, оның таралуына жол бермеу және экстремистік идеологияға алып келетін факторларды жою мақсатында мекеме басшыларымен іс-шара ұйымдастырылып өтті. Шара барысында Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу; Қоғамда радикалды көзқарастардың қалыптасуына жол бермеу;
Экстремистік идеологияның таралу себептерін анықтап, жою; Мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту туралы мәселелер талқыланды.
Округ аумағында тұрғындар арасында, әсіресе жастармен, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Мектептерде оқушыларға арналған сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер және кездесулер өткізіліп, діни экстремизм мен терроризмнің зияны, оның қоғамға тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілуде. Сонымен қатар, ата-аналар жиналыстарында да бұл мәселе тұрақты түрде қаралып, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары да айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-kokterek/press/news/details/1182807?lang=kk

Жауап қалдыру